Экскурсиялар
Жаңалықтар
Инвестициялар
ұсыныстар
Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы "Бурабай Даму" ЖШС әлеуетті инвесторлар мен операторларды ынтымақтастыққа шақырады.
Толығырақ
Фотосуреттер
"Бурабай даму" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі – Серіктестік) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы "3" наурыздағы № 105 қаулысымен құрылды және қызметінің негізгі мәні - Щучье–Бурабай курорттық аймағының аумағында Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының объектілерін ұстау және пайдалану болып айқындалды. "Бурабай даму" ЖШС Щучье-Бурабай курорттық аймағындағы жалғыз туристік ұйым болып табылады, оның қарамағында Визит-орталығы, Абылай хан алаңындағы экспозициялық кешен, "BurabayLand" отбасылық ойын – сауық паркі, Щучье көлі мен жалға беру пункттері бар, Бурабай көлінің жағалау аймағындағы жаяу және велосипед жолдары сияқты туристік және әлеуметтік-мәдени мақсаттағы өңір үшін аса маңызды объектілер бар. Бұл объектілер "Бурабай" Мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ерекше қорғалатын табиғи аумағында орналасқан. 2015 жылғы 3 маусымда серіктестікке туроператорлық қызметті жүзеге асыруға мемлекеттік лицензия берілді.
Пікірлер