«Ботай-Бурабай» ашық аспан астындағы мұражай - бұл Ботай дәуіріндегі қоныстың туристік сәулет–мәдени ансамблі. Кешен Бурабайдың символына айналған, тұмар түрінде орындалған 7 тұрғын үйден тұрады. Барлық тұрғын үйлер өзара жер асты өткелдерімен біріктірілген және олардың әрқайсысы бірегей. Мұражай энеолит дәуірін оның ерекшеліктері мен заңдылықтарын сипаттайды. Осы кезеңді толық көрсету үшін арнайы тапсырыс бойынша 4 балауыз фигурасы жасалды: тайпаның көсемінің мүсіні, қолөнерші ер адамның, қымыз дайындау үдерісімен айналысатын Ботай әйелінің бейнесі, рухани қасиетті тұрғын үйде шаман фигурасы.

Ежелгі рулық тайпалардың көсемдері.

Ежелгі рулық тайпалардың көсемдері үлкен билікке ие болды, соғыс пен бейбітшілік мәселелерін шешті, елшілерді жіберіп, одақтар құрып, рулық әскерлерді басқарды. Көсемнің тұрғын үйінде тақ болды. Тұрғын үй жылқының доместикациясының ерте кезеңдерін көрсетті. Көсемдер бүкіл қоғамнан бөлек тұрды, осылайша өзінің мәртебесін көрсете отырып, 6 мың жыл бұрын билеуші ақсүйектер элементтері пайда болды.

Үй кәсіпшілігі тұрғын үйі.

Үй кәсіпшілігі-ботайцы ағаш, тас өңдеген, керамикалық ыдыс жасаған шеберхана. Зерттеу көрсеткендей, қоныста тоқымалық дамыды, оның бастапқы шикізаты зығыр мен қарасора болды. Ботайлықтардың Белсенді шаруашылық және өндірістік қызметі алғашқы тәжірибе алмасу мен сауданы ынталандырды. Алмасу жергілікті және аймақтық болды.

Жылқы-қымыз тұрғын үйі.

Ботай мәдениетінің бірегейлігі мен маңызы дәл осы жерде, әлемде алғаш рет жылқы қолға алынып, ат-дала өркениеттерінің ұлы жаңалығы басталды. Биені саууға арналған жылқы-қымыз тұрғын үйі негізгі тұрғын үйлерден алыс орналасқан. Жерден алынған керамикалық ыдыстардың зертханалық талдауы, сол дәуірде адамдар қымыз жасай білгенін көрсетеді.

Рухани-қасиетті тұрғын үй (шаманның үйі).

Белгілі болғандай, тұрғын үй адамды сыртқы әлеммен байланыстырады, сонымен қатар ол кеңістікті шектейді, психологиялық жайлылық, сыртқы әлемнің бір бөлігінің игерілу әсерін жасайды. Өз үйінде шаман әлемді - бір орынға, бір ағынға, бір ырғаққа жинады. Бұл көзқарастар шаманның рухани-қасиетті бейнесі бар баспанасының жинақталуында да өз көрінісін тапты. Тұрғын үйдің ортасында көкке көтерілген баспалдақ орналасқан, аспан әлемі шатырды білдіреген, құс жолы - жапсары, ал жұлдыз – тесік, олар арқылы ғаламға енеді арғы жақтын жарығы енеді.