Орман сақшысы — аңыз – ертегілерде өте кең тараған кейіпкер болып саналады. Ол жабайы жаратылыстар мен табиғатты, ормандарды қорғайтын қасиетті қорғаушы.

Ол өз аймақтағы орманды әр түрлі қол сұғудан және бұзушылықтан қорғап, онда орналасқанның барлығын қадағалап жүреді, ол орман иесі. Ол айналасындағы барлық тірі жандармен, сумен және өсімдіктер ерекше байланысты сезінеді.

Біздің ата-бабаларымыз осы мифиологиялық кейіпкерге түрлі қасиеттерді қосып айтатын, одан қорыққан және оны құрметтеген.

"Орман сақшысы" атты кіші сәулет нысаны бетоннан жасалған. Ол "AqBura" курортында орналасқан, оны Үлкен Шабақты және Текекөл көлдерінің арасында көруге және суретке түсіруге болады.

Мүсіннің авторы: Ершат Жолдас.