Орманда серуендегенде, біз құмырсқалар жолын жиі қездестіреміз.

Қызыл орман құмырсқалары орман өмірінде маңызды рөл атқарады, әсіресе орман зиянкестерінен сақтайды.

Үлкен ағаштан жасалған құмырсқалар, сиқырлы балалар ертегілері мен ғылыми-фантастикалық фильмдер еске түсіреді. Бірақ шын мәнінде олар - еңбекқорлық нышаны.

Шебер Толхын Табысбек қоршаған ортаға зиян келтірмес үшін, негізгі материал ретінде өлі ағаштарды қолданды. Олар ұзақ уақытқа арналған темір қадаларға орнатып, осы керемет жәндіктердің фигураларын жасады.

Алып ағаш конструкциялары «AQBURA» курорттық аймағында, Үлкен Шабақты және Текекөл көлдерінің арасында орналасқан.