Әрине, әрбір бала мейірімді мультфильмдер кейіпкерлеріне ұқсас, жапырақ астында жаңбырдан паналауды армандаған.

Шебер Ерхат Жолдас біздің бала арманымызды іске асыруға тырысты, өйткені әр ересек адам ішкі-жан дүниесінде бала болып қалады.

"Japyrak" атты креслоны Үлкен Шабақты мен Текекөл көлдерінің арасында орналасқан AQBURA курортында көріп, суретке түсіруге болады.