"AQBURA" петроглифі тау тастарына ойылып салынған, өмір мен мәңгіліктің нышанын бейнелейтін шеңбер пішіні және Ұлы дала көшпенділері арасында ерекше құрметке ие болған.

Орталық геральдикалық элемент - "Түйе" бейнесі. Бұл сурет әдетте даналықтың, қасиеттіліктің, төзімділік пен күштің нышаны ретінде қабылданады.

Ою-өрнек түріндегі қанаттар халықтың мәдениеті мен дәстүрлерін бейнелейді, сондай-ақ таза ойлар мен дәйекті жетілдіру мен жасампаз дамуға ұмтылысты көрсетеді.

Авторлары: Толқын Табысбек, Азамат Талапхан, Ершат Жолдас.