Бурабай курортының аумағындағы тұрғындар мен қонақтардың назарына.

Күзгі-қысқы кезеңде елік, бұғы, қабан, бұлан сияқты жабайы жануарлардың қоныс аударуы басталады. Жабайы жануарлар түнгі өмір салтын ұстананды және көбінесе тәуліктің осы уақытында қоныс аударады, бұл ретте қоғамдық пайдаланудағы көлік жолдарын кесіп өтеді.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде Щучинск-Бурабай курорттық аймағының тұрғындары мен қонақтарына жолдарда жылдамдық режимін сақтауды сұраймыз. Сондай-ақ, қайғылы оқиғаларды болдырмау үшін курорттық аймақтың жолдарында автокөлікпен жүріп, әсіресе қараңғы уақытта қырағылық таныту.