Ақмола облысының аумағында шектеу карантиндік шараларының күшеюіне байланысты, Визит орталығында орналасқан "Табиғат мұражайы" жақын арада жабылатынын хабарлаймыз.

Мұңаймаңыздар, сіздерге жақсы жаңалықты хабарлауға асығамыз! Зообұрыш жұмысын жалғастыруда! Зообұрышқа барған кезде, сіздерге келесі ережелерді сақтауды сұраймыз: қорғаныс бетпердені кию, қолды дезинфекциялау, 1,5 метр әлеуметтік қашықтықты сақтау.

Бұл минималды талаптар зообұрыш аумағында уақытты тек көңілді ғана емес, сонымен бірге қауіпсіз өткізуге мүмкіндік береді.

Зообұрыш сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді.

Аман-сау болыңыздар!