Бұрабай курортында қазіргі уақытта Қазақстанда баламасы жоқ жаңа мультимедиалы интерактивті көрме кешені салынуда.

Кешен заманауи компьютерлік ойындарға ұқсас мультимедиялық мұражай мен виртуалды шындық (VR) технологияларын біріктірілген.

Ол қасиетті жерде - Абылай хан алаңында орналасқан.

Ең жаңа кешен Қазақстанның өткені мен бүгінін және болашағын бір жерде біріктіреді.

Мультимедиалық интерактивті кешен бірнеше залдардан, аттракциондардан тұрады, солардың арқылымен сіз еліміздің тарихымен танысасыз.

Кешеннің бір залы «Мәңгілік ел» деп аталады.

«Мәңгілік ел» залында Қазақстандағы жалғыз мультимедиялық өмір ағашы «өсті». Бұл қазақтың «шежіресі». Мәдениет пен біздің ұлы тарихымызды сақтау үшін әр қазақ өзінің шығу тегін, отбасын және жүзін білуі керек. «Өмір ағашы» әр қазақтың рулық-тайпалық құрамы туралы барлық ақпаратты анық көрсетеді. Ақпаратты тиімді қабылдау үшін барлық ақпарат жарық шоу арқылы көрсетіледі. Жаңа форматтағы көрме кешені көп ұзамай, көптеген ұмытылмас әсерлер алғысы келетіндердің бәріне есігін айқара ашады. Тарихқа бірге үңілейік!