Ең сиқырлы мерекеге орай "Бурабай даму" ЖШС Coca Cola компаниясымен және "ҚТЖ ҰК" АҚ бірлесіп "Сантаға Жаңа жылдық экспресс" жобасын іске қосты.

Енді ертегі шындыққа айналады және бәріне қол жетімді болады.

Күн сайын, 15 желтоқсаннан бастап жаңа жылдық тақырыпта безендірілген жаңа жылдық экспресспен Сантаға саяхат жасалады, сондай-ақ вагонда «Санта поштасы» хаттарға арналған жәшік бар, жаңа жылдық музыка ойнайды.

Осы экспресс вагон арқасында көптеген адамдар үшін осындай қиын кезеңде жаңа жылдық көңіл-күй мен шынайы эмоциялар пайда болады. Әсіресе балаларда. Біз ғажайыптың, мерекенің және сиқырдың атмосферасын сыйладық. Өйткені, бәрі жаңа жылды асыға күтеді. Мерекелік атмосфера барлық жерде билік етеді.

Экспресс Бурабай курорты - Нұр-сұлтан қ. (Нұрлы Жол) бағыты бойынша және кері бағытта жүреді.

Көбінесе қысқы кезеңде жеңіл көлікпен проблемалар болады және мұндай жағдайларда бұл экспресс Бурабай курортына қиындықсыз жетуге мүмкіндік береді.

Нұр-сұлтан қаласынан кету (Нұрлы жол) күн сайын сағат 6.13-те

Бурабай курорты станциясына келу сағат 09.47-де. Әрі қарай Көкшетау қаласына барады.

Алғашқы жолаушылар тур операторлары мен блогерлер болды. Олар үшін ақпараттық тур өткізілді.

Жаңа жылдық экспресс билеті кез-келген адам үшін қол жетімді.