2020 жыл барлығына ерекше және маңызды жыл болды. Ұзақ карантин, әуе қатынасын, шекаралар мен қалаларды жабу сөзсіз болды. Жазғы демалыс пен саяхат ерекше және сирек оқиғаларға айналды. Көптеген туристік елдер мен орындар жабылды.
Бірақ "қиын" 2020 жыл ішкі туризмнің дамуына ықпал етті. Көптеген қазақстандықтар біздің еліміздің аумағында таңғажайып, рухтандыратын, көркем жерлер, еліміздің туристік орындары бар екенін біліп қайтты. Біз Қазақстанның түрлі әдемі бұрыштарында болдық.
Біздің компания 2020 жылы өткен жылдың барлық өзгешелікке қарамастан келесі жұмыстарды атқарды:
✅ Жаңа "AQBURA" курорты ашылды»⠀
Құрылыс аяқталды және бақылау мұнарасы, Жаңа курорттағы лабиринт ашылды⠀
✅ AQBURA курортында шағын сәулет нысандары салынды⠀
✅ Зообұрыш және серуендеу бағы қайта жаңартылды⠀
✅ Абылай хан алаңы абаттандырылды: жаңа жаяу жүргінші жолдары төселді, жаңа қоршаулар қойылды⠀
✅ "Батырлар" инсталляциясы салынды⠀
✅ Құрылыс аяқталып, Абылай хан алаңында "Мультимедиялық интерактивті кешен" ашылуына әзірлендік⠀
✅ Абылай хан алаңына бақылау алаңы салынды⠀
✅"Шолу дөңгелегі" аттракционы ашылды 🎡⠀
✅ "Сантаға жаңа жылдық экспресс" жобасы басталды 🎅🏼⠀
Бұл біздің компанияның жүзеге асырған аз ғана бөлігі. Бурабай курортында туризмді дамыту және сервисті жақсарту бойынша жұмысты жалғастырудамыз. Алдағы жылы ауқымды жұмыстар жүргізу жоспарланып отыр. Алдымызда үлкен мақсаттар мен міндеттер тұр. Егер сізде Бурабай курортында туризмді дамыту бойынша қызықты ұсыныстарыңыз болса, өз ойыңызды ұсыныңыз. Біздің әрқайсымыз үшін бұл жыл оң ноталармен аяқталады деп сенеміз.⠀
🎄Сіздерді келе жатқан Жаңа Жылмен құттықтаймыз! Жаңа, 2021 жылы кездескенше!⠀