Бурабайға шетелдік қонақтар! 15 шілдеде "Бурабай даму" ЖШС Бурабай курортында Азиядағы өзара іс-қимыл және Сенім Шаралары Кеңесінің (АӨСШК) Жастар кеңесінің V отырысына қатысушыларды қарсы алды. Олар үшін серіктестік нысандары мен курорттың көрікті жерлері бойынша танымдық экскурсия өткізілді. Шетелдік қонақтар арасында Катар, Иордания, Израиль, Палестина, Өзбекстан, Иран, Ресей, Қырғызстан, Қытай, Пәкістан, Тәжікстан, Тайланд, Бангладеш, Ирак мемлекеттік органдары мен жастар ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ БҰҰДБ, ТүркПА және ШЫҰ сияқты халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Шетелдік қонақтар Қазақстанның тарихымен және мәдениетімен танысты. Гид Біздің еліміз туралы қызықты деректерді айтты. Серіктестік шетелдік қонақтар үшін танымдық экскурсиялар өткізгісі келетін ұйымдармен белсенді жұмыс істейді. "Бурабай даму" ЖШС қонақжайлылықты қамтамасыз етеді және барынша жайлы жағдай жасайды. Айта кету керек, шетелдік туристердің Щучье-Бурабай курорттық аймағына баруға қызығушылығы артып келеді.