Өткізу күні: 6 шілде 2018 жыл

Өтетін орны: Ақмола облысы, Бурабай ауданы, этноауыл " Жайлау»

Өткізу Уақыты: Басталуы сағат 12: 00

Жарыстың ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасының ЖШС "Бурабай даму" болды.

Аталған іс-шараның бас демеушілері Бурабай курорттық аймағының туристік қызмет объектілері, атап айтқанда: "Көкшебель" қонақ үйі, "Жұмбақтас" пансионаты, "Оқжетпес" ЛОК, "Айнакөл" қонақ үйі, "Terrassa park" қонақ үйі, "Зеленый бор" шипажайы, "Алмаз"шипажайы. Жалпы жүлде қоры 2 000 000 теңгені құрады.

."Бурабай бәйге" дәстүрлі болып шықты және халықты Қазақ ұлттық ат спорты түрлерінен жүйелі түрде шұғылдануға тарту, сондай-ақ салауатты өмір салты қағидаларын бекітудің маңызды құралы ретінде осы спорт түрлерін халық арасында кеңінен насихаттау және танымал ету, спортшылардың шеберлігін арттыру, өмірлік маңызды қолданбалы Дағдылар мен дене қасиеттерін жетілдіру; жастарды Ұлы Дала тарихын, дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу, олардың Отанға деген сүйіспеншілігін және патриотизмге баулу мақсатында өткізіледі.

Жарысқа Астана қ., Магнитогорск қ. (РФ), Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және Ақмола облыстарының спортшылары қатысты.

Шабандоздар 2 жүгіріске қатысты: "Топ бәйге" және "Аламан бәйге" тиісінше 15 және 25 км.