Үкілі Ыбырай соқпағы

7120 метрге спорттық-сауықтыру жорығы.

Бурабай шатқалының тарихи орындары бойынша Экскурсия, онда сіздер тамаша поэмалар, өлеңдер мен әндер туған жерлермен танысып, біздің Отанымыз Қазақстан жерін таңдайтын аңыздарды тыңдай аласыздар.

Ыбырайды Бурабайдағы күн шуағы сүйген Айнакөл шыңы сүйсіндірді. Халық бұл тұстағы шоқыны "жылы төбешік"деп атайды. Атауы өте дәл. Алғашқы қарлы боран мен алғашқы қызғалдақтар Бурабайда "жылы төбеде"пайда болады. Ол әрдайым күнге толы. "Жылы төбеге" жету үшін Ыбырайға Көкше етегіндегі Айнакөл көлінің жағасын айналып өту қиынға соқты. Бұл тар, кей жерлері қауіпті жол Ыбырай соқпағы деп аталады.

Ыбырайдың қолында домбыра керемет ін шырқатын. Оны тыңдаған Сәкен Сейфуллин мен Сәбит Мұқанов Ыбырайдың жоғары орындаушылық шеберлігін атап өтеді. Ыбырайдай ән шырқайтын адам болмайтын. Оның дауысындай керемет дауыс ешбір жанда болмайтын.Ыбырай Бурабайға жиі келетін. Қазір оқырмандардың жүрегін Ыбырайдың Бурабай-Көкшетау туралы өлеңдері толғандырады.

Әнші бар Көкшетауда талай ірі,

Ыбырай топ жарғанның о да бірі.

Қаңбақшақыз-бозбалақағыпалып,

Жайылғанталайәсемән мен жыры.

Өзіақын, әншығарғыш, домбырашы,

Сауықтыңжандуманы, болғанпірі.

Ақырыпарыстандайәнсалады,

Ыбырайжүйріктарлан, әлітірі.